15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыНесиеге той жасау, бөліп төлеу арқылы демалысқа шығу, қарыз ақшаға үй жөндеу – бүгінде қазақстандықтар үшін үйреншікті жағдайға айналды. Алайда мұндай шығындардың артында миллиондаған несиелік келісімшарт пен өсіп келе жатқан қарыз көлемі тұр. Қазақстандықтар қандай қажеттіліктері үшін қарыз алуға дайын және бұл оларға қаншаға түседі?
Ұлттық банктің 2025 жылғы жылдық есебіне сәйкес, елдегі банктік несиелеудің жалпы көлемі 19,1%-ға өсіп, 40,2 трлн теңгеге жетті. Ал микроқаржы ұйымдары мен басқа да кредиторларды қамтитын кеңейтілген есеп бойынша экономикадағы несие көлемі 50,6 трлн теңгені құрады.
Дегенмен тұтынушылық несиелеу сегментінде өсім қарқыны айтарлықтай баяулаған. Егер 2024 жылы несие портфелі 33,5%-ға ұлғайса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 21%-ға дейін төмендеді. Кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі де 29,2%-дан 14,6%-ға дейін бәсеңдеді.
Соған қарамастан, кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешек көлемі 11,6 трлн теңгеге жетті.
Ұлттық банк жалпы несиелеу көрсеткіштерінен бірден байқала бермейтін маңызды мәселеге назар аударды.
Бір жыл ішінде бір қарыз алушыға шаққандағы тұтынушылық несие бойынша орташа берешек 18,3%-ға өскен. Ал қарызы 1 млн теңгеден асатын азаматтардың саны 13%-ға артқан.
Ұлттық банктің 2026 жылғы қыркүйекте жүргізген сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 29,6%-ында тауар сатып алуға арналған тұтынушылық несие бар. Тағы 22,8%-ы бөліп төлеу қызметін пайдаланады. Бұл – сауалнамаға қатысқандар арасында ең көп таралған қарыз түрлері.
Үшінші орында шұғыл қажеттіліктерге алынатын несиелер тұр. Мұндай қарыздары барын респонденттердің 14,9%-ы айтқан. Бұл санатқа той жасау, саяхаттау, курортта демалу және емделу шығындары да кіреді.
Сауалнама нәтижелері бойынша:
29,6% – тауар сатып алуға тұтынушылық несие алған;
22,8% – бөліп төлеу қызметін пайдаланады;
14,9% – шұғыл қажеттіліктер үшін несие алған;
12,4% – микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған;
11% – ипотекалық несие төлейді;
8,9% – автонесие алған;
7,6% – несиенің басқа түрлерін пайдаланады.
Ал респонденттердің 31%-ы мүлде несиесі жоқ екенін мәлімдеген.
Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесі жылдық 20%-дан асқан.
Соңғы үш жылда қазақстандықтардың несиелік берешегіндегі автонесиелердің үлесі айтарлықтай артты. Бұл үрдіске экономист Руслан Сұлтанов назар аударған.
Оның келтірген деректеріне сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында автонесиелер жеке тұлғалардың жалпы несие портфелінің 8%-ын құраған. Ал 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 16%-ға жеткен.
Басқаша айтқанда, бұрын халықтың әрбір 100 теңге қарызының 8 теңгесі автокөлік сатып алуға жұмсалса, үш жылдан кейін бұл сома 16 теңгеге дейін өскен. Алайда 2026 жылы жағдай күрт өзгерді.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, жылдың алғашқы алты айында автонесие алуға берілген өтінімдер саны 9%-ға, мақұлданған өтінімдер саны 13%-ға қысқарған. Ал жаңадан берілген автонесиелердің көлемі 24%-ға төмендеп, 886,6 млрд теңгені құрады.
Мұның басты себептерінің бірі – несие құнының қымбаттауы.
Бір жыл ішінде автонесиелер бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме 18,8%-дан 24,4%-ға дейін көтерілген.
Сонымен қатар есептелген ай сайынғы төлемнің орташа жалақыға қатынасы 24,7%-дан 30,6%-ға дейін өскен.
Автонесие бойынша берешектің 90%-дан астамы 5 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейінгі аралықта шоғырланған.
Несиелеудің тағы бір маңызды мәселесі – қарызды өтеуге жұмсалатын шығын.
Ұлттық банк сауалнамасы қазақстандықтардың едәуір бөлігі үшін ай сайынғы несие төлемдері қомақты қаржылық жүктемеге айналғанын көрсетті.
Атап айтқанда, қолданыстағы несиесі бар респонденттердің 33,5%-ы ай сайын 100 мың теңгеден астам қаражат төлейді.
Тағы 9,6%-ы несие өтеуге айына 90 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жұмсайды. Ал 17,8%-ының ай сайынғы төлемі 50 мыңнан 90 мың теңгеге дейін жетеді.
Осылайша, несиесі бар азаматтардың 60,9%-ы ай сайын қарызын өтеуге 50 мың теңгеден астам қаражат жұмсайды.
Соған қарамастан, қазақстандықтардың жаңа несие алуға деген қызығушылығы әлі де жоғары.
2026 жылғы қыркүйекте сауалнамаға қатысқандардың 21,4%-ы алдағы 12 ай ішінде несие рәсімдеуді жоспарлап отырғанын айтқан.
Салыстыру үшін, 2025 жылғы қазанда мұндай ниеті бар респонденттердің үлесі 19,4% болған.
Ал сауалнамаға қатысушылардың 64,9%-ы жақын уақытта жаңа қарыз алуды жоспарламайтынын жеткізген.
Осы деректер қазақстандықтардың күнделікті сатып алудан бастап, той, саяхат, емделу, көлік алу және үй жөндеу сияқты түрлі қажеттіліктер үшін несиеге жүгінетінін көрсетеді. Несиелеу қарқыны баяулағанымен, қарыз алушылардың қаржылық жүктемесі әлі де артып келеді.
Бұған дейін біз Қазақстанда қанша азаматтың несиесі жоқ екенін және қаншасы ақша жинайтынын жазған едік.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады