Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар министрлігінде Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, салтанатты шараға министрліктің басшылығы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қонақтар қатысты.
Іс-шараны төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
Бүгін сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын! - деп атап өтті министр.
ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері кәсіби мереке құрметіне лайықты марапаттарға ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар ТЖМ құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Оның қорытындысы бойынша кубоктар бірінші орын - ТЖ жою департаментіне, екінші орын – «Резерв» РМК және үшінші орын – Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына табысталды.
Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары