23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаевтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ қарамағындағы ғалымдар мен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен отырыс "дөңгелек үстел" форматында ұйымдастырылды. Басқосуда өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Баймулдиновтың комитет қызметін дамыту және жетілдіру мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.
Бұдан бөлек, "Сейсмология институты" ЖШС өкілдерінің баяндамалары талқыланып, олардың 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ғылыми-техникалық тапсырмалар мәселелерін пысықтауға арналған жоспары туралы әңгіме қозғалды.
Ғылыми-техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ТЖ саласындағы ғылыми қызметті одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер мен іс-шаралар қабылданды және нақты белгіленіп отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік