07.01.2024
15:19
1497
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды

 Төтенше жағдайлар министрлігі бір тәулікте қандай жұмыстар атқарылғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 152 шығу жасады, оның 73 -і өрттер мен жану оқиғаларына, 79-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға шықты. Бұл ретте 43 адам, құтқарылып және эвакуацияланды. 

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік,  СҚО-да тұрғын үйдегі өрттен 13 адам құтқарылды.