6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысының тұрғындарымен кездесуде сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ-нің алдағы перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бірінші кезекте, бұл министрлік бөлімшелерін 95%-ға дейін, сондай-ақ табиғатты қорғау және орман мекемелерін 100%-ға дейін материалдық-техникалық нығайту», - деді Сырым Шәріпханов.
Облыс бойынша министрліктің 23 бөлімшесі қорғауда, олардың иелігінде негізгі, арнайы, қосалқы мақсаттағы 195 бірлік техника бар. Қазіргі уақытта техникамен жарақтандыру 89,2%, қажеттілік – 18%-ды құрайды.
«Семей қаласын дамыту аясында 2025 жылға дейін өрт депосын салу, жергілікті бюджет есебінен құлақтандыру жүйесін қосымша жарақтандыру көзделген», - деді Сырым Шәріпханов.
Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту, тұрғын үй, жеңілдік және көтерме төлемдер, үстемеақылар мен қосымша төлемдер, кезекшілікті жүзеге асыру кезіндегі тәуліктік рациондар, сондай-ақ кадр ресурсы және олардың кәсібилік деңгейін арттыру мәселелеріне тоқталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі