6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 қараша күні жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.
«Егер қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту хабарланса, ауа райы жақсы болғанша биік таулы аймақтарға серуенді кейінге қалдырған дұрыс. Егер сіз тауда болсаңыз, абай болу керек және ауа райының өзгеруін бақылап отыру қажет. Тау беткейлерінде қардың ығысуын, қардан түйіршіктерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, қар көшкіні болуы мүмкін екенін көрсетеді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі