6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс депутаттары ТМД-ға мүше мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса атап өткендей, келісімнің маңызды тармақтарының бірі – мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалардың іс-қимылының жеделдігі, төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың мемлекеттік шекарадан өтуі қажет болған жағдайда ұзаққа созылатын рәсімдерді жою.
Естеріңізде болса, 2020 жылғы пандемия кезінде мемлекеттердің бір-біріне көмек көрсетуінде өзара халықаралық заңдық тетіктердің болмауы көп кедергі жасап, қаншама адамдың қаза болуына соқтырғаны мәлім. Ратификацияланатын құжатта Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар жоқ, – деді Қазыбек Иса.
Құжат ратификацияланғаннан кейін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің дәрігерлері қажетті техникалық құралдарымен төтенше жағдай кезінде елдер арасында көмек көрсету үшін емін-еркін жүре алатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі