1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТөтенше жағдайлар министрлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аумақтық бөлімшелердің жұмысы бақыланатын объектілерді есепке алуды ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды орындау, әкімшілік практика көрсеткіштері және инспектор жұмысының басқа да негізгі критерийлері бойынша бағаланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы үздік деп танылды.
Негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін екінші орынды Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді.
Жеңімпаздарға марапаттарды Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстады.
Әрбір инспектордың өрт қауіпсіздігі мәселелеріндегі құзыреттілігі, эрудициясы мен принциптілігі өрттердің санын азайтуға көмектеседі. Жеңімпаздарды құттықтаймын және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілеймін, - деп вице-министр атап өтті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?