20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПариж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекет тарапынан берілетін 250 мың доллар сыйақысын қайда жұмсайтынын сұраған жанкүйерлеріне жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдошы Gap Podkast YouTube арнасына берген сұхбатында сыйақының 4 жылда бір берілетін айлық екенін атап өтті.
Біздің спортта жүріп өткен карьерамызды 4 жыл деп алсақ, сол алған 250 мың долларды 4 жылдың 12 айына бөліп тастаймыз. Сол кезде ай сайынғы ақша бір тиын болып қалады. Ай сайын алатын жалақың есебінде болады. Сол сияқты сен ай сайын алып жатқан жалақыңды қайда жаратасың деген сұрақтың өзі ыңғайсыз деп ойлаймын. Әр адам жұмысына қарай ай соңында жалақы алады ғой. Жеке өміріңіз, жеке амбицияңыз, ар жағында бала-шағаңыз, одан бөлек жүріп-тұруыңыз бар. Мүмкін сіздің көмектесетін бауырыңыз не бір адамыңыз бар шығар. Оны басқа адамға айтудың қажеті жоқ деп санаймын, - деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2013 жылдан бері чемпион болуға дайындалғанын айтып, қағазға жазған мақсаттары туралы айтып берді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?