Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгінгі таңда 12 млн-нан астам адам немесе ел халқының 60%-ы газға қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін тағы 300 мыңнан астам адам қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкіметтегі брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл бөлінген қаражатқа 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынып, жаңғыртылады. Осы жылдың тамыз айында премьер-министр «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысын бастауға тапсырма берді. «Ақтөбе – Қостанай» газ құбырларын және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» екінші желісін іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ресурстық базаны кеңейту мақсатында өткен жылы Анабай, Шығыс Өріктау, Рожковское кен орындары пайдалануға берілді.
2025-2030 жылдары тағы 7 жобаны іске қосу жоспарланған. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті бірінші вице-премьер.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары