6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу тасқыны болған өңірлерде ТЖМ қызметкерлерімен бірге еріктілер, елдің белсенді азаматтары белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Қиын жағдайға тап болған халыққа қажетті көмек жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынынан зардап шеккен халықтың қамын ойлап, белсенді көмектесіп жүргендердің бірі – мемлекеттік қызметші, Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Батырбек Әбділдин. Торғай өңірінің тумасы торғайлықтарға қол ұшын созу үшін бір ауылда туып-өскен азаматтардың, достарының және кәсіпкерлердің басын біріктірген. Осылайша Қостанай облысы Амангелді ауданына, Торғай өңіріндегі басқа да су басқан ауылдарға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.
Қиын жағдайға тап болған ағайынға керек-жарағын, азық-түлігін жеткізу ісі алдағы уақытта да жалғасады, - дейді Батырбек Сұлтанұлы.
Сонымен қатар Батырбек Әбділдин қоғамдық негізде Астана қалалық «Қазақ күресі» федерациясына жетекшілік етеді. Рамазан айында федерация басшылығы «Елорда» қайырымдылық қорымен бірлесіп, қарттар үйіндегі қарияларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, медресе шәкірттеріне бірнеше мәрте ауызашар берді.
Фото: Егемен Қазақстан
Айта кету керек, ауызашар аясында мұқтаж жандарға пәтер кілттері табысталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі