6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен кездесті. Алғашқы екі раундта отандасымыз 3:2 есебімен алда тұрған. Бірақ соңғы раундта күтпеген жерден төрешілер жеңісті жапон боксшысына ұстата салды. Сөйтіп, Шымбергенов қола жүлдемен шектелді. Сонымен қатар Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады.
Бұған дейін Асланбек мамыр айында Ташкентте 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы Асахуджа Муйнхуджаевты нокуаутпен жеңген еді.
Енді боксшылардан аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қалды. Шымбергенов пен Тоғамбай қола жүлдеге ие болды.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі