Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай күндізгі сессияда шаршы алаңға шығып, финалға өтті. Сондай-ақ, кеше түнде Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да жартылай финалда жеңіске жетті. Сондай-ақ, 55 келіде Махмұд Сабырхан мен 51 келіде Алуа Балқыбекова жартылай финалда басымдық танытып, финалға жолдама алды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер