Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБелгілі тележүргізуші Тимур Балымбетов Төреғали Төреәлі мен Әсел Асқардан сұхбат алмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тимур Балымбетовтың айтуынша, хайп үшін түрлі әрекетке баратын адамдардың халыққа айтар пайдалы ақпараты жоқ.
Мен Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмас едім. Мен хайп қуып жүретін адамдарды шақырғым келмейді. Бір рет шу шығарған немеме үнемі басы даудан арылмайтын адамдарды мен кадрда көргім келмейді. Себебі сұхбат - әдетте адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің жалғыз құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы сәл болса да өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Бұл менің сұхбатым, келетін қонақ маған да қызық болуы керек, мен ол сұхбатқа дайындалғым келуі керек, мен онымен сөйлескім келуі керек. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен "Ол көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?" деп ойланып, сараптап барып шақырамын”, – дейді Тимур Динара Сәтжанға берген сұхбатында
Сондай-ақ, тележүргізуші сұхбат алуы үшін ақша ұсынса да, аталған адамдармен сұхбаттаспайтынын кесіп айтқан.
Менің сұхбаттарымды атышулы қонақ үшін көргенін қаламаймын. Мысалы Әсел Асқардың басы даудан арылмайды. Бірақ бұл әрекетінің себебі түсініксіз. Тіпті, серіктестік сұхбат маған қызық болмаса, ештеңе шықпайтынын түсініп тұрсам, мен ақшаберсе де келіспеймін. Мұндай ұсыныстар жиі түседі. Кейде әйелім "сенің сұхбатыңа келгісі келетіндерден бас тартпасаң, осы уақытқа дейін байып кетер едік" деп қалжыңдайды, – дейді тележүргізуші.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?