Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБелгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі халыққа үндеу жолдап, емге ақша жинауды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер оқырмандарына отбасылы азаматтың ауырып жатқанын айтып, көмек көрсету туралы ұсыныс жасады.
Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға құдай ой салды. Үш баланың әкесі қазір аяғының еміне дауа іздеп жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяқ 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет", - деп жазды блогер.
Бұдан бөлек, блогер аз ғана уақыт ішінде 1 млн теңге жиналғанын жеткізіп, сауапты іске ат салысуға шақырды.
Белсенді болып жатқан әрбір жанға мың алғыс! 1-2 мың аударсаңыз да үлкен көмек болғалы тұр. 6 сағатта 16 млн теңге жиналды. 24 сағатта қанша теңге жиналатынын күтейік. Сосын мұқтаж жанға аударамыз", - деп есеп берді Фариза.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар