Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБіраз уақыт бұрын есірткіге еліткен Төреғали Төреәлі желіні шулатқаны белгілі. Оқиғаға қатысты әншінің адвокаты мен нарколог маман Дина Төлепбергенге сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төреғалиды бәрі жабылып, наркодиспансерге апарды. Алайда, қасында ешкім жоқ. Өзіңіз білесіз, тестті Төреғалидың алдында жасауы керек қой. Бұл жерде оның зәрін алды да, бірақ ол кімнің зәрі, қалай алынғанын біл білмейміз, - дейді адвокат Эльнура Кішкенбаева.
Нарколог маманның айтуынша, ешқандай дәрігер біреудің анализын ауыстырып қоймайды.
Жоқ, олай болмайды. Полиция қызметкерлерімен бірге біздің орталыққа барады. Сол орталықта анализ тапсырылады. Бірақ екі дүниеде де біреудің зәрін біреудіңкімен ауыстырып қоятындай, біздің дәрігерлердің екі басы жоқ. Егер сіз күмәнмен қарасаңыз, сол мезеттің өзінде тәуелсіз экспертиза жасауға құқығыңыз болған, - дейді нарколог Санжан Тұрсынметов.
Әншінің қан талдауынан не табылғанын сұрап білді. Себебі, әр есірткінің қанда сақталу уақыты болатынын айтты. Ең ұзақ сақталатын марихуана қанда бір айдан аса уақыт бойы болады екен.
Қанның құрамынан мефедрон табылды, - деді адвокат.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?