Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОлардың арасында мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президенттің 70 жылдық мерейтойына орай шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламенттердің спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми орта өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр.
Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Мажарстан Президенті Каталин Новак, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Болгария Президенті Румен Радев, Албания Президенті Байрам Бегай, Сингапур Президенті Халима Якоб, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ТМБ Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және басқа да тұлғалар өздерінің жеделхаттарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірген.
Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?