2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, парламенттер спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп жатыр.
Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсуде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова