10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған облыстардың әкімдері президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.
Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.
Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді