22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында транзиттік тасымалдың көлемін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент транзиттік тасымалдың көлемін арттыру үшін алдын ала әрекет етіп, әрдайым бір қадам алда болуы қажеттігін айтты.
Инфрақұрылымды жаңғырту ісін одан әрі жалғастырып, осы саладағы озық ел болу үшін цифрландыру мен жасанды интеллектіні кең ауқымда пайдаланған жөн. Биыл ұзындығы 836 шақырым болатын Достық-Мойынты теміржолының екінші желісі іске қосылады. Жобаны өз күшімізбен өте қысқа мерзімде жүзеге асырдық, – деді мемлекет басшысы.
Президент көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек деп атап өтті.
Еліміз Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған аса маңызды көпір болып саналатыны кеңінен белгілі. Былтыр біздің территориямыз арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асты. Сонымен бірге еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар. Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей жол ашады. Ал Шығыс-Батыс дәлізі мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы Қазақстанның Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретіндегі рөлін күшейте түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл бағытта ТрансКаспий көлік бағытын дамытудың маңызы арта бастағанын жеткізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев