Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды EL.KZ.
2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!,– деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
Айта кетсек, 45-ші шахмат Олимпиадасының шешуші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ командасымен бақ сынасты. Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанып отыр.
Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады.
Жарысқа барлығы 188 елдің командасы қатысты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары