7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі Қырғызстанды одан әрі дамыту жолындағы стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті.
Парламент сайлауы Сіздің қуатты әрі өркендеген ел құру бағдарыңыз халықтың жаппай қолдауына ие болғанын көрсетті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатындағы қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Ғасырлардан тамыр тартатын достығымызға, тату көршілік байланысқа және өзара қолдауға арқа сүйей отырып, жетістіктерімізді еселей түсетінімізге әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазды Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?