Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. El.kz ақпараттық агенттігі оқырман назарына құттықтау мәтінін ұсынады.
***
Қымбатты отандастар!
Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады.
Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен.
Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан.
Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді.
Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек