Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуден кейін Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанындағы аллеяда қаланың қалыптасуына үлес қосқан еңбек ардагерлерімен, республикаға, облысқа танымал спортшылармен жүздесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Александр Чжен қалаға Қонаевтың есімін бергені үшін Президентке алғыс айтты. «Огни Алатау» газетінің бұрынғы журналисі, жазушы Владимир Таран Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қапшағай қаласы туралы өзі жазған «Солнечный город. Страницы истории» кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, Президентке тарту етті.
Президент Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы шешімі өңірді өркендету үшін маңызды қадам болғанын атап өтіп, енді қала одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар