Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!
Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады.
Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты.
Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік.
Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі – саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы.
Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді. Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын берді.
Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.
Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?