Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бала күтіміне байланысты демалыс пен жас аналарды әлеуметтік қолдау шараларын басқа елдердегі жағдаймен салыстырды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда әйелдер бала күтіміне байланысты үш жылға дейін демалысқа шығып, осы кезеңде жұмыс орнын сақтап қалуға құқылы.
«Қазақстанда босанған әйелдер үш жылға дейін декреттік демалысқа шыға алады. Ең бастысы, осы уақыт аралығында олардың жұмыс орны сақталады. Мемлекет жас аналардың бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасуына кепілдік беруге тиіс», – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір дамыған мемлекеттерде мұндай әлеуметтік кепілдіктер қарастырылмағанын атап өтті. Оның сөзінше, жекелеген елдерде жас аналар жұмыс орнын жоғалтпау үшін босанғаннан кейін қысқа мерзім ішінде қызметіне қайта оралуға мәжбүр.
Президент Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар жеткілікті деңгейде насихатталмайтынына да назар аударды.
«Бізде азаматтар үшін нақты атқарылып жатқан жұмыстар туралы көп айтыла бермейді. Соның салдарынан Қазақстан халықаралық рейтингтерде көбіне 30, 40, 50-орындарда немесе одан да төмен орналасады», – деді мемлекет басшысы.
Қазақстанда жұмыс істейтін және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтарға бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері азаматтың ресми табысына және әлеуметтік аударымдарына байланысты есептеледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар