6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.
Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі