29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқордада Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевты қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевты Ақордада қарсы алды.
Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
сурет: Ақорда
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
суреттер: Ақорда
Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады. Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыт алды.
суреттер: Ақорда
Мемлекеттік сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды. Мирзиёев 9 тамыз күні Астанада өтетін «Орталық Азия+Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек