Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіндегі баяндамасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Консультативтік кездесулердің форматын жоғары бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаев мұның өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына да әсерін зор екенін алға тартты.
Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертеді.
Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті. Мұнымен шектеліп қалмайтынымызға сенімдімін. Сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін елдеріміздің әлеуеті зор, - деді Тоқаев.
Президент сонымен қатар Қазақстан Орталық Азиядағы барлық елмен арадағы көпжақты ынтымақтастықты кең көлемде нығайтуға бағытталған стратегиялық бағдарды берік ұстанатынын тілге тиек етті.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық біздің көпжақты байланыстарымызды тереңдетуге үлкен септігін тигізеді. Бұл маңызды сала жылдан-жылға сапалы әрі жаңа мазмұнмен толығып, біздің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлерімізді, достығымыз бен тату көршілігімізді нығайта түседі. Мұның бәрі мемлекеттеріміздің өзара табысты қарым-қатынасына және жалпыөңірлік өзекті міндеттердің тиімді шешілуіне ықпал етеді.
Ортақ іс-әрекеттер синергиясы мен өзара қолдау бауырлас халықтарымыздың өркендеуіне және әл-ауқатының артуына жол ашатынына сенімдімін, - деді президент.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?