13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстанада өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларға арналған ұлттық цифрлық профиль жүйесін құруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастама әр баланың оқу жетістіктерін, қабілеттерін және мықты тұстарын қамтып, жеке білім траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Онда әр баланың оқу үлгерімі, мықты қырлары мен жетістіктері тіркеледі. Ал бұл, өз кезегінде, университет бағдарламасын оңтайландырып, жоғары оқу орнын мерзімінен бұрын тәмамдауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жасанды интеллект цифрлық профиль негізінде кәсіптік бағдар жүйесін жасақтайды. Оқушыларға қарым-қабілетіне сай даму жолдары, курстар мен жобаларды таңдау еркіндігі ұсынылуы керек. Бұл болашақ инженерлерді, зерттеушілерді, дәрігерлерді, мұғалімдер мен кәсіпкерлерді алдын ала анықтауға жол ашады. Осылайша, әрбір адам өз қабілетін пайдаланып, өмірден лайықты орнын табады. Үкіметке жаңа ЖИ университетімен интеграцияланған оқушылардың ұлттық цифрлық профильдер жүйесін құруды тапсырамын, - деді президент.
Айта кетсек, кеңестің алғашқы отырысы мемлекет басшысының төрағалығымен өтті. Жиында білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу, адами капиталды дамыту және жаңа технологияларды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды