30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президенттің пікірінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – маңызды мәселенің бірі. Қазір халықаралық жағдай күрделі әрі сәт сайын құбылып тұр.
Өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастығымызды жалғастыру барлық сын-қатерді еңсеруге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру маңызды міндет саналады. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы алаңдаушылық туғызып отыр. Аталған қатердің алдын алу үшін құзыретті органдар бірлескен әрекетке көшіп, арнаулы мемлекетаралық құрылымдар, нақты айтқанда, Орта Азияның өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы, ШЫҰ Есірткіге қарсы орталығы және тағы басқалары қолдауды күшейте түсуі керек. Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен жұмысын «Орталық Азия – Ресей» форматында жалғастыру қажет деп санаймын. Жасанды интеллектіні қолдана отырып, киберқорғауды қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы тұру мәселелері бойынша шаралар қабылдау маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды