Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. 2024 жылдың 6 айында аталған қызметтер арқылы бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салықтар мен басқа да төлемдер түскен.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңызды екенін атап өтіп, Kaspikz акционерлеріне қолдау білдірді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары