Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) және нысана көздеуден Азия конфедерациясының (ASC) жетекшілерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесуде ынтымақтастық перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясына және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті.
Президент алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты.
ISSF пен ASC жетекшілері осы спорт түрін дамытуға айрықша назар аударғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді.
Әңгімелесу барысында еліміздегі нысана көздеу кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, спортшыларды даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу, сондай-ақ жастармен, балалар және жасөспірімдердің спорт клубтарымен жұмыс бағдарламасын кеңейту мәселелері қарастырылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары