29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесіп, Хорватияны Қазақстанның Еуропа одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Пленкович екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.
Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, виза режимін оңтайландыру мәселесі қарастырылды.
Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Ал Андрей Пленкович Қазақстан Президентіне Хорватияға сапармен келуге ұсыныс білдірді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек