Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
– Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық, – деп жазылған құттықтау хатта.
Президент Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек