23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл – көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.
Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.
Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады