Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өту барысын жіті бақылап отыр. Мемлекет басшысы жарыстың ашылу салтанатына өзге елдердің басшыларымен бірге қатысқан болатын.
Президент Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан құрамасының спортшыларына ізгі сәлемін жолдап, байрақты бәсекеде сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.
Мемлекет басшысы жарыстардың достық пен әділдік рухында өтіп жатқанына назар аударып, қазақстандық спортшылардың жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың жетістігіне үлес қосып жүрген бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын жеткізді.
Президент ел құрамасының ортақ табысына үлес қосқан барлық азаматтың еңбегі ескерілетінін атап өтті.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысуда.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?