28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенім грамоталарын Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки, Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш, Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?