Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Қатар мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін, – деді президент.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?