7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет әртісі, хореограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжымның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахналарында қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?