23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы спорт делегациясын жібергені үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тоқаев стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады. Осы орайда қыркүйек айының соңында өтетін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжандағы Парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтап, саяси науқанды Қазақстанның өкілдері де бақылағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан тарапының алдағы уақытта да Алматы алаңын келіссөздерге ұсынуға дайын екенін растады.
Өз кезегінде Ильхам Әлиев Бакудің Астанамен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмсауға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу достық рәуіште өтті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік