30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді:
– қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады;
– биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құраған. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары;
Сонымен қатар әкім жылыту маусымы жөнінде баяндады:
– былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастаған. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз еткен;
– жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі;
– қазір жалпы қуаты 970 Гкал/сағат болатын «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр;
әлеуметтік нысандар (мектеп, қолжетімді баспана, медициналық мекемелер) салу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтау, тозығы жеткен апатты үйлерді бұзу жөнінде айтты:
– Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген;
– жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан;
– елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр.
Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды