23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды. Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты.
Мемлекет басшысына қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берілді. Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.
Бұдан бөлек, Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады