Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды.
Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз, - деді Тоқаев.
Президент ауылдарды күшейту мәселесіне де тоқталды.
Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.
Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек, - деп нақтылады ол.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?