13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБылтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн.
ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға ең көп турист келген елдердің тізімі төмендегідей:
Екінші орын — Үндістан. Өткен жылы 146 мың үндістандық турист келген. Елдер арасындағы тікелей әуе рейстері, визалық режимнің жеңілдеуі және туристік бағыттардың дамуы Үндістан азаматтарының елімізге деген қызығушылығын арттырып отыр.
Үшінші орын — Түркия. Қазақстанға 130 мың түрік азаматы саяхаттаған. Бұған тұрақты әуе қатынасы мен мәдени-іскерлік байланыстардың нығаюы әсер етуде.
Төртінші орын — Германия. 2024 жылы елімізге 92 мың германиялық турист келген. Олар Қазақстанның этнотуризм, табиғи және мәдени нысандарына ерекше қызығушылық танытуда.
Бесінші орын – Оңтүстік Корея. Былтыр Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 40 мыңға жуық турист келген. Таңғы шық елінен келетін туристер ағыны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Бұған екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің қолжетімдігі, визалық режимнің жеңілдеуі, сондай-ақ Қазақстанның табиғатына, ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуы оң әсерін тигізуде.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды