22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте жобаның стратегиялық маңызына тоқталып, инфрақұрылым мәселелері мен жұмыстың баяу жүруіне қатысты сын айтты.
Мемлекет басшысы екі жыл бұрын қабылданған Алатау қаласын салу туралы шешімнің ел үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Біз осы қалаға инвестиция тартып, оны бизнестің және инновацияның жаңа орталығы ретінде дамытатын болдық. Осы жерде өмір сүру, жұмыс істеу азаматтарымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа мол мүмкіндік бермек, – деді президент.
Оның айтуынша, Алатау қаласын дамытудың негізгі қағидалары Конституцияға енгізіліп, арнайы құқықтық режим туралы конституциялық заң қабылданған. Кеңес барысында мемлекет басшысы Алатаудың өңірдегі алғашқы криптоқалаға айналуы тиіс екенін де айтты.
Алатау әлемнің осы бөлігіндегі тұңғыш криптоқала ретінде маңызды рөл атқарады. Осы саланы дамыту үшін қысқа мерзімде артық кедергілерді жойып, жаңа қаржы құралдарын іске қосу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Alatau City-ді дамыту ұзақмерзімді әрі жүйелі тәсілді талап етеді. Осыған байланысты тұрақты қаржыландыру көздерін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Жобаны жүзеге асыру айтарлықтай күрделі және операциялық шығындарды қажет етеді. Бұл орайда тұрақты, болжамды кіріс базасын қалыптастырған жөн. Қазіргі қаржылық-экономикалық моделдің келешек шығындарды жаба алмай қалу қаупі де бар, – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту мен бизнесті дамыту маңызды болғанымен, олардың өздігінен тұрақты табыс көзіне айнала алмайтынын атап өтті.
Инвестиция ағыны мен бизнесті дамытуға баса мән беріп отырмыз. Дегенмен бұл – кепілдік берілген табыс көзі емес, бар болғаны болжам мен үміт қана, – деді мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, жобаның бастапқы кезеңінде қарастырылған жеңілдіктер салық түсімдерінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қала әкімдігі мен Алатауды дамыту жөніндегі кеңес ұзақмерзімді орнықты дамудың тиімді қаржы-экономикалық моделін әзірлеуі қажет.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қала дамуының нақты стратегиялық құжаттарын бекітудің маңызын атап өтті.
Инвесторлар мен серіктестер, азаматтар 10, 20 немесе 30 жылдан кейін Алатау қаласының қандай болатынын түсінуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Alatau City-дің басты ерекшелігі оның толық цифрлық форматта дамитындығында екенін айтты.
Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы, – деді мемлекет басшысы.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, қаланы дамытуға қатысты барлық негізгі стратегиялық құжаттар жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.
Келесі жылы қаланы дамытуға белсене кірісу үшін стратегиялық құжаттардың барлығын – Ұзақмерзімді жоспарды, Кешенді бағдарламаны және Даму стратегиясын жыл соңына дейін қабылдау керек, – деді ол.
Президент цифрлық активтердің құқықтық мәртебесін нақтылап, криптоактивтерді мүлік ретінде тану қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым нысандары мен шикізат активтерін токенизациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар ол Алатауды дамытудағы басты мәселелердің бірі инфрақұрылым екенін айтты. Қала құрамына енген Жетіген, Қоянқұс және өзге де елді мекендердің тұрғындары электр жарығының жиі өшуіне, интернет сапасының төмендігіне, жол мен ауызсу мәселесіне шағымдануда.
Alatau Smart-City салу міндеттері мен өңірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай арасында қарама-қайшылық айқын байқалады. Мұны ашық айтайық. Бұл жағдайды премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың, сонымен қатар әкім Марат Сұлтанғазиевтің тарапынан жіберілген олқылық деп санаймын, – деді президент.
Мемлекет басшысы энергия тиімділігі мәселесіне де назар аударды. Оның сөзінше, Қазақстан энергияны ең көп тұтынатын экономикалардың бірі саналады.
Алатау қаласы ресурстарды оңтайлы, үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс, – деді ол.
Президент халық арасында энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, Үкіметке, әкімдіктерге және ұлттық компанияларға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Алатауда әлеуметтік және туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз екенін айтты. Оның пікірінше, кәсіпкерлер білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысына қаржы салуға дайын. Алайда бұл бағыттағы нақты әрі түсінікті ережелер әлі толық қалыптаспаған. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау жобасының ел үшін стратегиялық маңызы бар екенін тағы да атап өтті.
Алатау city жобасын жүзеге асыру – тұрмыс сапасы және іскерлік ортасы ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін озық қала салу деген сөз. Бұл – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс, – деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, жобаны іске асыру үшін қажетті құқықтық және қаржылық негіз қалыптасқан. Ендігі міндет – барлық жұмысты уақытылы әрі сапалы орындау.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев