Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысындағы Кентау қаласы су астында қалды. Әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше аумағы су астында қалған сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі жазбаларға сүйенсек, толассыз жауған жауын-шашыннан орталық базар ішіндегі су адамның тізесіне дейін жетіп, ондағы сауда орындарына дейін кіріп кеткен. Сондай-ақ жаңбыр суы Бала Бүргем елдімекеніндегі үй аулаларына дейін жетіп, кей үйлерге зақым келген.
Қала әкімдігі жауын суын сору жұмыстары жүргізілгенін, қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін хабарлады.
"15 сәуір күні сағат 16-00-ден 17-10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй мен 1 үйдің жертөлесіне су басу орын алды. ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері тарапынан суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты" делінген әкімдік мәліметінде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?