23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жапонияның телекоммуникация саласындағы ірі операторы — NTT East Токиода аса жоғары жылдамдықтағы үй интернетін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Токио тұрғындары талшықты-оптикалық FTTH желісі арқылы 25 Гбит/с-қа дейін интернет жылдамдығын пайдалана алады. Қазіргі таңда Жапонияда көпшілікке қолжетімді ең жоғары жылдамдық 10 Гбит/с деңгейімен шектеліп келген.
Жаңа тариф Flet Hikari 25G деп аталады және best-effort қағидатымен жұмыс істейді, яғни желінің нақты жағдайына байланысты мүмкін болған ең жоғары жылдамдық ұсынылады. Бұл бастама NTT компаниясының жаңа буындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды стратегиясының бір бөлігі саналады.
Айта кетейік, Жапонияда деректерді беру технологиялары тек тұрмыстық деңгейде емес, ғылыми ортада да қарқынды дамып жатыр. Жуырда жапон зертханаларында эксперименттік талшықты-оптикалық желі арқылы секундына 1 петабиттен (1 млн гигабиттен) астам дерек жеткізуге қол жеткізілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік