Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасының Жапония мен Корея Республикасындағы азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Осылайша, Токио қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім», - деді С.Тау.
«Мен әрқашан Қазақстандағы жаңалықтарды белсенді қарап отырамын және елдегі оң өзгерістерді көріп жүрмін. Сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге шешім қабылдадым», - деді кәсіпкер.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар