6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.
Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.
Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі